|
17.09.2019 | 18:06
1653

Шамалған стансасындағы апаттан зардап шеккен 3 адамның жағдайы ауыр

Анасы мен екі ұлын алып қалу үшін дәрігерлер барын салуда

Шамалған стансасындағы апаттан зардап шеккен 3 адамның жағдайы ауыр

Қарасай аудандық ауруханасына шұғыл жеткізілген 33 жастағы Эльмира Жаныбекова мен Айару Әубәкір және Інжу Әубәкір есімді бүлдіршіндерді аман алып қалу үшін ақ халаттылар барын салуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Бүгін аудандық ауруханаға білікті мамандар шақырылып, зардап шегушілердің жағдайы егжей-тегжейлі тағы бір мәрте тексерілген. Бұл туралы Қарасай аудандық орталық ауруханасының директоры айтып берді.

«Құрамында Алматы қалалық балалар ауруханасы реанимация бөлімінің меңгерушісі және аймақтық балалар ауруханасының нейрохирургімен бірлесе тағы бір мәрте зардап шегушілерге диагностикалық тексерістен өткіздік. Үшеуінің де жағдайы әлі ауыр», – деді Алматы облысы Қарасай аудандық орталық ауруханасының директоры Ербол СӘРСЕНБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир