Биыл 51 мыңнан астам құжат электронды жүйеге көшірілген

Биыл 51 мыңнан астам құжат электронды жүйеге көшірілген
Бұл жөнінде елордада өтіп жатқан Рухани қазына» фестивалінде айтылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде «Электрондық мемлекеттік кітапхана» жобасы аясында биыл 51 мыңнан артық құжаттың көшірмесі арнайы қорға жүктелді. Жалпы ел тарихында маңызы зор туындылар саны екі жарым есеге артқан. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған екінші «Рухани қазына» фестивалінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Республиканың әр өңірінен келген 250-дей  мұрағат, музей және кітапхана мамандары бас қалада алдағы екі күнде сала жөнінде пікір алмасып, шеберлік сабақтарына қатыспақ. Фестивальдің соңғы күні аймақтардағы үздік мемлекеттік мұражай, ұлттық өнерді насихаттаған орталықтар мен кітапханалар анықталмақ.

«Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы «Электрондық мемлекеттік кітапхана жобасы» іске асырылып келеді. Атап өтерлігі, соңғы екі жылда электрондық кітапхана қорындағы кітап қоры, электрондық көшірме құжаттарының саны екі жарым есеге артып, 2019 жылы 51 035 көшірме жүктелді», – дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті директоры  Әбіл ЖОЛАМАНОВ.

Новости партнеров