Алматыда енді жәрдемақы, зейнетақы және тұрғын үй мәселесін бір жерден шешуге болады

Алматыда енді жәрдемақы, зейнетақы және тұрғын үй мәселесін бір жерден шешуге болады
5 қабатты нысанның бірінші қабатында ашық алаң, яғни халықты кедергісіз қабылдау өткізілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әлеуметтік қамсыздандыру үйі ашылады. Абай мен Достық даңғылдарының қиылысындағы 60 жылдық тарихы бар нысанда орналасатын нысанның болашақтағы келбетімен бүгін қала әкімі Бауыржан Байбектің өзі барып танысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бір терезе қағидасы негізінде жұмыс істейтін ғимараттан жәрдемақы, зейнетақы, тіпті тұрғын үй мәселесі бойынша кез келген сұраққа жауап алуға болады. 5 қабатты нысанның бірінші қабатында ашық алаң, яғни халықты кедергісіз қабылдау өткізілмек. Ал басқа қабаттарында қаланың бірнеше басқармасы орналасады.  

«Бұл жер қаланың беткеұстар мекеніне айналуға тиіс. Инфрақұрылымы да соған сай болсын.  Әйтпесе, қазір бізде қызметкерлер кабинеттеріне тығылып алады да, қит етсе «мен бастықпын, сен бағыныштысың» деп есіктерін тарс жабады. Ал мұнда барлығы керісінше болуға тиіс», – деді әкім ескерту жасап.  

Әзірге күрделі жөндеудің нақты қашан басталары белгісіз. Себебі, тиісті құжаттарды дайындаудың өзіне кем дегенде 3 айдай уақыт қажет. Дегенмен, бұл жаңа орталықтың халықтың игілігіне жұмыс істейді дейді жоба жетекшілері.

«Міндетті түрде бұл жаңаша көзқарастағы, халыққа бір табан жақын болатындай мекеме болмақ. Халықта кез келген көмекті еркін алуға мүмкіндік болуы керек. Мұнда тек аудандық әлеуметтік көмек беретін орындар ғана емес, сонымен қатар, халыққа қажетті тұрғын үй, көші-қон басқармалары және зейнетақы төлейтін, жалпы халықтың әлеуметтік бағыттағы кез келген сұрағына жауап беретін бөлімдер болмақ», – дейді Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат ШИМАШЕВА.

Новости партнеров