Мемлекеттер инвестициялық, сауда, саяси және мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруды көздейді
Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөлуде. Олар инвестициялық, сауда, саяси және мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Әсіресе тараптар қаңтардағы оқиғалардан кейін елдегі ахуалды жақсарту үшін өзара көпжақты іс-қимылға басымдық беруге ниетті. Еуропалық дипломаттар еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларына қолдау білдірді. Әріптестік орнатып, диалог жүргізуге әзір екендерін жеткізуде.
«Еуропалық одақпен біз сенімге, өзара құрметке және ортақ басымдықтарға негізделген берік қатынастар орнаттық. Бұл қатынастар жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сенімді серіктестікпен, серпінді сауда ынтымақтастығымен, сондай-ақ берік саяси байланыстармен нығайтылуда», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.