Мәселе жергілікті әкімдік өкілдерінің салғырттығынан туындаған
Қазақстанда 630 мыңнан астам баланың әлеуметтік санаты әлі анықталмаған. Олардың тең жарымынан астамы бүгінде өзіне тиесілі тиісті көмек түрін ала алмай отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, бұл мәселе жергілікті әкімдік өкілдерінің салғырттығынан туындаған. Адам қатарында бар, бірақ ресми құжат жүзінде тізімделмеген тұрғындарды біріңғай базаға енгізу қолға алынады. Бастама шілде айынан бастап күшіне енетін әлеуметтік кодекс аясында жүргізіледі.
– Біз Әлеуметтік кодекстің маңызын түсінуіміз керек. Бұл жерде азаматтар тиісті көмек алу үшін бұрынғыдай мекемелерге барып сабылып жүрмейді. Жалпы құжат әлеуметтік саладағы барлық заңнамаларды біріктіретін болады. Бұл азаматтардың осы саладағы заңнамаларды түсінуін жеңілдетеді. Онда әлеуметтік кепілдіктер, әлеуметтік қолдау іс-шаралары сақталған, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.