Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 343 млн теңгенің мүлкі тәркіленді

Almaty.tv
Almaty.tv
589 күдіктіге қатысты 359 іс сотқа айыптау актісімен жолданған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 343 млн теңгенің мүлкі тәркіленді. Оның 12 автокөлік, 317 тұрмыстық техника, 189 зергерлік бұйым, 386 ұялы телефон, 550 әртүрлі киім-кешек болса, 16 млн теңгеден астамы ақшалай қаражат. Бұл туралы ІІМ өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір жыл басында болған жаппай тәртіпсіздікке қатысты 53 іс құзырлы орган қарауында. 589 күдіктіге қатысты 359 іс сотқа айыптау актісімен жолданған. Дені - ұрлыққа қатысты.

«Сотта қарау нәтижесі бойынша 460 адамға қатысты үкім шықты. Оның ішінде 371 адам бас бостандығынан айырылды. 4 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. 5 адамға айыппұл салынды. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 80 адам сотталды», – деді ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев.

Новости партнеров