«Ақ жол» партиясы үгіт-насихат шараларына еріктілерді тартты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан қаласында 40-тан астам  ерікті жұртшылық көп жүретін қоғамдық орындарда үнпарақтар мен кітапшалар таратуды бастап кетті.  Солардың көмегімен президенттікке үміткер Дәния Еспаеваның бағдарламасын халыққа кеңінен таныстырмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мұндай шаралар еліміздің барлық аймағында өткізіледі. Жалпы «Ақ жол» партиясының атынан президент сайлауына түскен Дәния Еспаеваның бағдарламасы негізінен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Кандидат экономиканың тұрақты дамуы үшін адал бәсекелестік пен жаппай кәсіпкерлік жандануы тиіс, деп есептейді.

«Біз бүгін «Ақ жол» партиясының атынан түскен кандидатымыздың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біздің еріктілеріміз бүгін 4 мыңға жуық материалдар мен буклеттер, бағдарламаны таратты. Қазір осы «Хан шатырдың» маңайында жұмыс істеп жатырмыз», – деді  «Ақ Жол» партиясы қалалық филиалының кеңес мүшесі Ерхан ЖАБАҒИН.

Дания Еспаеваның сайлауалды штабының жетекшісі Азат Перуашев Ақтаудағы трансформатор зауытының ұжымымен де жүздесіп, үгіт-насихат шараларын жүргізді.

«Маңғыстаулықтардың 42  пайызының жеке бизнестері бар.  Бұл өңірде орта және шағын бизнес саласында  50 мыңнан астам кәсіпорын тіркеліп, 130 мыңға жуық адам жұмыс істейді.  Өз бетімен табыс табуға жастардың да қызығушылығы жоғары болғандықтан, оларға барынша мүмкіндік жасалуы тиіс»,  – дейді штаб жетекшісі Азат Перуашев.

Новости партнеров