4 баланың әкесі үй тұрғызып бастаған, әйтсе де кейіннен оның құрылысын толық аяқтауға қауқары жетпеген
«Нұр Отан» партиясы көмек сұраған жандарға қол ұшын созуда. Саяси күштің Алатау аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына аз қамтылған отбасының мүшесі Төлегенов Саян көмек сұрап келіпті. 4 баланың әкесі үй тұрғызып бастаған, әйтсе де кейіннен оның құрылысын толық аяқтауға қауқары жетпеген. Қажетті жабдықтарын сатып алуға материалдық жағдайы кедергі болған көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Бұл мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының төрағасы Шахмерден Рысбайұлы демеушілермен бірге қолдау көрсетіп, сыртқы есік, терезелерді шатырдың екі фронтонын жабуға көмек көрсеткен болатын», - деді Nur Otan партиясы Алатау аудандық филиалының консультанты Баян АЛЫСШЕРИЕВА.
«Нұр Отан» партиясы жағдайы жоқ адамдарға, көпбалалы үйге көмектесіп жатыр деп естіп, мен де бардым. Маған көмектесіп, қолдап жатқан партияға көп рахмет айтқым келеді», - деді Саян ТӨЛЕГЕНОВ.