Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты

23.10.2020 23:11

Заңды бұзған судьяға шараны қатаңдату керек

akorda.kz

Заңды бұзған судьяға шараны қатаңдату керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта 60 түлектің 7-еуі ғана судьялыққа баратынын тілге тиек етті. Бұған қоса, оларды дайындау мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Тағлымдамадан өту барысында жалақының 70 пайызын алып отырады. Президенттің атап өтуінше, Сот төрелігі академиясы кемшіліктерді жою бағытында жұмысты жандандыруы қажет.

«Қоғамның мемлекетке деген сеніміне жемқорлық, қылмыстық сыбайластық, біліксіздік айтарлықтай нұқсан келтіріп отыр. Мені әлі күнге дейін осындай нақты фактілер туралы көптеген хат пен өтінімдер аламын. Заңды бұзған судьяға сұранымды қатаңдату қажет деп есептеймін. Әрине, қатаң шаралар ғана жеткіліксіз. Тиісті сот әдебін де өркендету керек», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еліміздің судьялары қалыптасқан ойлау жүйесін өзгертіп отыруы қажет деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Соттар адам құқықтарының мүлтіксіз сақталуын басты назарда ұстауы керектігін айрықша атап өтті. Бұл ретте судьялардың абырой-беделі мінсіз болуы тиіс деген ойын білдірді. Мемлекет басшысының пайымынша, сотқа экономика мен құқықтың күрделі мәселелерін еркін шеше алатын мамандарды тарту қажет.

«Бұл – уақыт талабы. Оны мен Жолдауымда да айттым. Судьялардың абырой-беделі мінсіз, ал кандидаттарды іріктеу процесі ашық әрі жария болуы тиіс. Дамыған елдердің көпшілігінде судьяларға қойылатын талаптардың жоғары болғаны соншалық, өткен өміріндегі болмашы жат қылығы лауазымға орналасуынан бас тартуға себеп те болуы мүмкін. Мұндай тәжірибе Қазақстанда да қолданылуы тиіс деп есептеймін. Судья кадрлардың сапасына жауап беретін Жоғарғы сот кеңесіне судьяларды іріктеу және дайындау міндетін орындау жүктелген. Бұл сапалы орындалуы тиісті түбегейлі маңызды жұмыс», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.