Алматыда халықты жұмыспен қамту мәселелері қалай шешілуде

29.09.2023 23:12

Әлеуметтік жұмыс орындары ашылады

primeminister.kz

Бір жыл ішінде қаладағы жұмыссыздық деңгейі 5-тен 4,8%-ға дейін төмендеді, деп хабарлады Аlmaty.tv

Бұл туралы Алматы қаласының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов ӨКҚ брифингінде айтты. 

Халықты жұмыспен қамту проблемаларына ерекше назар аударылады: әлеуметтік жұмыс орындары ашылады, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК мөлшерінде өтеусіз мемлекеттік гранттар беріледі, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар үндестігі», «Күміс жас» жобалары жұмыс істейді.

Мысалы, қоғамдық жұмыс 30 АЕК мөлшерінде төленеді және арнайы білім мен дайындықты қажет етпейді. Әлеуметтік жұмыс орындарын белгіленген жалақының 35% -ын мемлекет субсидиялайды. Жастар практикасы 35 жастан аспаған жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектеріне арналған, еңбекақысы 40 АЕК. Жастарды «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар үндестігі» жобалары бойынша жұмысқа орналастырады. Сондай – ақ, аға буын өкілдері үшін «Күміс жас» жұмыспен қамту мәселесінде қолдау бар.

Жұмыс табу бойынша Еңбек мобильді қосымшасына немесе жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады. 

Оқи отырыңыз: Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай қолдау көрсетіледі