|
31.01.2019 | 18:12
4682

Ұстаздар мәртебесі туралы заң маусым айында қабылдануы мүмкін

Перспективу и возможности молодых обсудили со студентами и школьниками депутаты мажилиса

Ұстаздар мәртебесі туралы заң маусым айында қабылдануы мүмкін

Қазақстанда көптен күткен «Ұстаздар мәртебесі» заңы маусым айында қабылдануы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір маңызды құжат әзірленіп, мәжіліс депутаттары заң жобасын ақпан айында Үкіметке енгізуді жоспарлап отыр. Бүгін өңірлерді аралауды Алматыдан бастаған еліміздің парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева осылай деді. Халық қалаулысы заң жобасын әзірлеу барысында ұстаздардың пікірі ескерілетінін айтты. Депутат алматылық мұғалімдердің ұсыныстарын қалдырмай тыңдап шықты. Бастысы, арнайы заңның арқасында елімізде білім сапасы көтеріліп, ұстаздардың мәртебесі артады.

«Айтып отырған ұсыныстары көп. Оның ішінде цифрландыру, ақпараттандыруға байланысты ұсыныстар бар. Жаңа пәндер енгізіліп жатыр. Тек робототехниканы оқытатын тиісті мамандар тапшы болып отыр. Өйткені, педагогикалық жоғары оқу орындарында ондай мамандар дайындалмайды. Техникалық жоғары оқу орындарын бітірген мамандарды мектепке тартып жатырмыз. Олардың педагогикалық білімі жоқ. Квалификация бойынша келмейді. Сондықтан осы мәселені де шешуді ұсынып отыр», – деді ҚР Парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира ИСИМБАЕВА.

Алматыға келген жұмыс сапарында депутаттар ерікті жастармен де кездесті. Жуық арада алматылық еріктілер «Студенттің бастамасы» және «Ашық жүрек» жобаларын жүзеге асырмақ.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир