Үйінен шығып, қайтып оралмаған. Тараз қаласының 57 жастағы тұрғыны Жанарыс Мұхановты туыстары іздеу жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жақындары оның денсаулығында ешқандай кінәрат жоғын айтады. Қиналып, күйзеліске ұшырағанын да байқамадық деп отыр. Жоғалып кеткен ер адамның туыстары қаладағы еріктілер ұйымдарына да жүгінген. Әлеуметтік желіден арнайы парақша ашып, көмек те сұрапты. Бірақ 10 күннен бері еш нәтиже жоқ. Іздестіріліп жатқан адамның жақындары көрген білгендер болса экранда көрсетілген телефон нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды.
«Үстіне қоңыр кеудеше, қара шалбар киген. Оны ағайын-туыстары, балалары түгел іздестіріп жатыр. Әлі таба алмай жатырмыз. Егер де көрген білгендеріңіз болса, құзырлы мекемелерге хабарласуларыңызды сұраймыз», – деді Ж. Мұхановтың жары Ләйла Тәжімағанбетова.
Оқи отырыңыз: «Шешімі барда» түрлі мәселе көтеріліп, түйіні шешіледі – Дәнеш Асқарбекұлы