|
03.06.2019 | 18:50
2431

Дәния Еспаеваның штабы Алматыда веложарыс ұйымдастырды

Дәния Еспаеваның штабы Алматыда веложарыс ұйымдастырды

Дәния Еспаеваның штабы Алматыда веложарыс ұйымдастырды

«Ақ жол» партиясы сайлау науқаны аясындағы демалыс күнгі  іс-шараларды спорттық  жарыстарға арнады. Президенттікке үміткер Дәния Еспаеваның Алматыдағы сайлауалды штабы мен «Almaty BroTeam» командасы бірігіп, веложарыс ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оған 50-ден астам кәсіби және әуесқой велошабондоз қатысты. Араларында кәсіпкерлер де бар. Олар Тұңғыш Президент саябағынан бастап,  Орталық мәдениет және демалыс саябағына дейін, 20 шақырым қашықтықты жүріп өтті.

«Біз бір оқпен екі қоян аттып десек болғандай: тұрғындарды велосипедпен жүруге әрі өз үміткерімізді сайлауға үндедік.  «Ақ жол» партиясы спортқа жақындығын көрсетіп, Алматы қаласында салынып жатқан веложолдарды көрсетіп, тұрғындарға велосипедпен жүруді насихаттап жатырмыз», – деді "АҚ ЖОЛ» ДП қалалық филиалының төрағасы Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВ.

Ал, балаларды қорғау күніне орай, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен президенттікке үміткер Дәния Еспаеваның аймақтық сайлауалды штабы спорттық шара ұйымдастырды. Байдарка мен каноэ есуден өткен қалалық біріншілікке 100-ге жуық жеткіншек қатысты. Олар 200 және 500 метр қашықтықта ескек есіп, бақ сынасты. Сайыста оралдық  спортшыларымен қатар, Атырау, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент  қалаларының  командалары да дайындықтарының жоғары екенін көрсетті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир