Елордада Төлеутай Рақымбековты қолдауға арналған өнер фестивалі өтті

Елордада Төлеутай Рақымбековты қолдауға арналған өнер фестивалі өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шараға эстрада жұлдыздары мен танымал шоумендер қатысып, жиналғандарға ерекше әсер сыйлады. Жастармен әртүрлі танымдық және сауықтық ойындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков өз бағдарламасында жастар саясатына үлкен басымдық берген. Оның ішінде олардың білім алуына, жұмысқа тұруына және баспанамен қамтылуына қатысты тетіктер бар. Кандидат бұған дейін еліміздің Шығыс және Батыс өңірлеріне барып, осы тақырыпты жергілікті жастармен талқылаған болатын.

«Бүгінгі өнер фестивалін біз жастардың көңілін көтеру мақсатында жасап отырмыз. Төлеутай Рақымбеков бағдарламасының тағы бір басты мақсаты – жастарға қолдау көрсету, жағдай жасау. Жас ұрпақтың білімін арттырып, жұмыспен қамту», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Төлеутай Рақымбековтың сенімді өкілі Айша ҚАМБАРБЕКОВА.

Төлеутай Рақымбековты қолдауға арналған акция Тараз қаласында да жалғасты. Оның аясында әннен шашу шашылып, бүлдіршіндерді қорғау күніне қатысты пікірлер айтылды.

Негізі президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков өз бағдарламасында отбасылық құндылықтарды сақтауға ерекше мән берген. Оның ішінде бала тәрбиесіне байланысты тетіктер де бар. Акцияға жиналғандар оны жақ-жақты талқылап, кандитаттың сенімді өкілдерімен емін-еркін әңгімелесті.

Новости партнеров