Алматыда «Ұлттық құндылықтар» ассоциациясы құрылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ассоциация құрамына белсенді ұлт жанашырлары топтастырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда«Ұлттық құндылықтар»ассоциациясы құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мақсат – қоғам арасында ұмыт болған қазақи салт-дәстүр мен адамгершілікті көпшілікке дәріптеу. Ассоциация құрамына белсенді ұлт жанашырлары топтастырылған. Ұйымдастырушылар осылайша атадан балаға мирас болып келе жатқан қазақы дүниетанымды жас жеткіншектерге насихаттауды көздеп отыр. Ол үшін түрлі жоба жасау жоспарланған. Дөңгелек үстелге қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері және осы ұлттық құндылықтарды насихаттау жолында түрлі кәсіп жасап жүрген азаматтар арнайы қатысып, ұсынысын ортаға салды. 

«Ұлт жанашырлары біршама идеясын ортаға салды. Әлемдік медицинада музыкамен адам жанын емдеу деген бағыт болса, біз неге осы күй терапиясын ауруханаларда жасамасқа деген идея болды. Ұлттық құндылықтар эстафетасын жасау, жалпы ұлтқа керекті және осы 100 жыл бойына көп ешкім ескере бермеген жайттардың бәрін бір арнаға тоғыстырғалы жатырмыз», – деді Jananews.kz сайтының бас редакторы Арман Құдайберген.

Новости партнеров