|
06.04.2022 | 18:29
671

Жансель Дениз жаңартылған әлемдік рейтингте 1-орынды иеленді

Батырбек Есдәулетовтің айтуынша, бұл – Қазақстан үшін тарихи жаңалық

 Жансель Дениз жаңартылған әлемдік рейтингте 1-орынды иеленді Almaty.tv


Қазақстандық таэквондошы Жансель Дениз жаңартылған әлемдік рейтингте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз 139,81 ұпаймен қарсыластарынан оқ бойы озып тұр. Екінші орында ресейлік Полина Хан, оңтүстік кореялық Да Бинь Ли үштікке ілінді.  Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетовтің айтуынша, бұл жетістік спортшы үшін ғана емес, Қазақстан үшін де тарихи жаңалық. Бұған дейін отандық таэквондошылар мұндай көрсеткішке қол жеткізген емес деді

«Қазіргі уақытта рейтинг ай сайын ауысып тұрады. Келесі айда рейтинг жинайтын турнирларға қатыспаса, басқа спортшы қатысып, 1-орынға шығып кету мүмкін. Сондықтан үнемі дайындалып жүру керек. Сол маңызды жарыстарға қатысып, үлкен нәтиже көрсету керек», – деді  Таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир