24 адамның бас сүйегін үйінде сақтаған емші ұсталды

29.08.2024 23:15

Полиция болжамынша, ол адамдарды құрбандыққа шалған

ВВС/Noeline Nabukenya

Угандада 24 адамның бас сүйегін үйінде сақтаған емші ұсталды. Полиция болжамынша, ол адамдарды құрбандыққа шалуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

ВВС хабарлауынша, ұсталған Дамулира Годфридің кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Емші Уганда астанасы Кампаланың маңындағы елді мекенде тұрады. Адамның бас сүйектерінен басқа жануарлардың сүйектері мен терілері де табылды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Дамулира Годфри өзін дәстүрлі емші және шөп дәрігері деп атайды. Алайда, Уганда дәстүрлі емшілер қауымдастығының мүшесі емес.

Айта кетерлігі, бұл елде халықтың басым көпшілігі (шамамен 84%) христиан, ал қалғанының барлығы дерлік (14%) мұсылмандар.

Оқи отырыңыз: Астанада 20 адамды сан соқтырған «жиһаз жасаушы» сотталды