Әсем қала Алматының ең көрікті жерлерін камераға түсірген азаматқа қомақты қаржы сыйға беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
1 шілдеден бастап «Алматының үздік бейнешолуы» атты байқауға материалдар қабылданады.
Конкурсқа 18 жасқа толған кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Видео 3 минуттан аспауы керек. Ең үздік деп танылған туынды иесіне 300 мың теңге көлемінде сыйақы табысталады.
«Алматыны жарнамалауға бағытталған бұл бейнежазбаны біз әлем жұртшылығының назарына ұсынамыз. Ондағы мақсат – қаламызға турист ретінде басқа елдің өкілдерін тарту. Алматы қаласын жақсы көретін азаматтардың бұл шараға қатысып, сыйақы алуға мүмкіндігі бар», – деді Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Қалибек АҚЫЛБЕКОВ.