Елімізде әр 77 секунд сайын бір бала туып, 4 минут сайын бір адам көз жұмады екен
Қазақстанда ерлерден қарағанда әйел адамдардың саны 1,06 пайызға артық, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Осындай ақпарат ҚР Статистика комитетінің сайтында жарияланды.
Бүгінде нәзік жандылардың саны 9 миллион 541 мың 521-ге жетсе, жігіттер 8 миллион 968 мың 499-ды құрап отыр. Осылайша әйелдер ер адамдардан 573 мың 22-ге көп екені анықталды.
Айта кетейік, бұл есепте жас ерекшеліктері ескерілмеген.
Комитет мәліметіне сай, елімізде әрбір 77 секунд сайын бір бала дүние есігін ашса, 4 минут сайын бір адам о дүниелік болады екен. Жыл басынан бері елімізде 196 255 сәби туса, 70 409 адам қайтыс болған. Сондай-ақ 7 197 адам қоныс аударса, 16 445 адам Қазақстанға көшіп келген. Жалпы өсім – 116 мың 598.
Қазір елімізде ресми санақ бойынша 18 миллион 510 мың 633 адам тіркелген.
ҚАЗАҚСТАН ДЕМОГРАФИЯСЫ
Әйел Ер
9 541 521 8 968 499
Әйелдер 573 022 көп
Туған балалар қайтыс болғандар иммиграция
196 255 70 409 7 197
Эмиграция жалпы өсім Қазақстан азаматтары
16 445 116 598 18 510 633