Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Президент тапсырмасына орай дайындалған доктринаның мақсатын facebook парақшсында атап өтті.
"Президент тапсырмасына орай дайындалған доктринаның мақсаты – ақпараттық кеңістікті қорғау, отандық медианы қолдау және ақпаратқа қолжетімділікті арттыру. Сонымен бірге азаматтық бірегейлікті нығайтуда, қазіргі заманғы үрдістер мен сын-қатерлерге жауап беретін ақпараттық саясатты жүзеге асыруда бұл құжаттың мәні мен маңызы зор.
Доктринаның бірнеше бағыты бар. Олар:
Ақпараттық кеңістікте ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын бұл құжат саланы жаңа сапалық деңгейге көтереді деген сенімдеміз", - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.