Т. Рақымбеков штабы осыған дейін 300-ге жуық сайлауалды шарасын өткізгенін айтты

 Т. Рақымбеков штабы осыған дейін 300-ге жуық сайлауалды шарасын өткізгенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбековтың штабы үгіт-насихат жұмыстарын бір сәтке де тоқатпайды. Осы күнге дейін еліміздің түкпір-түкпірінде 300-ге жуық шара өткізді. Оның ішінде кандидаттың өзі Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтарындағы жұртшылықпен кездесіп, өзекті деген мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сонымен қатар, үгіт-насихат науқаны аясында  Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Семей, Талдықорған және Петропавл өңірлерінде Төлеутай Рақымбековті қолдауға арналған мәдени көпшілік іс шаралар ұйымдастырылды. Ал оның сенімді өкілдері ауыл-ауылды аралап, жергілікті тұрғындарға сайлауалды бағдарламаны таныстырып жүр.

«Ауыл» ХДПП үгіт-насихат жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Әрине, бірінші аптаға қарағанда қарқыны күннен-күнге күшейіп, үдеп келе жатыр. Оның себебі де жоқ емес. Қазірге дейін біздің облыстық-қоғамдық штабтар мен аудандық штабтар тарапынан және жергілікті жерлердегі еріктілердің қатысуымен «Ауыл» партиясы Рақымбековты қолдау акциясы негізінде 300-ге тарта шара өткізді», – дейді үміткер Т. Рақымбеков республикалық қоғамдық штабы төрағасының орынбасары Қуаныш СЕЙТЖАНОВ.

Сондай-ақ, президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков үнемі салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен тұрақты шұғылдану керектігін айтады. Әсіресе, жас толқынның осы бағытта белсенді болғаны маңызды дейді. Бұл нәрсені ол тек айтып қана қоймай, іспен де дәлелдеді. Айта кетейік, елордада сенбі күні өткен велошеруге кандидат Төлеутай Рақымбеков та қатысты. «Ауыл» партиясы үміткерін қолдау акциясы аясында оның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, жастар саясатына қатысты тетіктері кеңінен талқыланды.

Новости партнеров