|
27.05.2019 | 18:26
3901

Коммунистік партия белсенділері Алматыда тазалық акциясын өткізді

Коммунистік партия белсенділері Алматыда тазалық акциясын өткізді

Коммунистік халық партиясының белсенділері Алматыда флешмоб өткізді. Сайлауалды штабтың белсенділері бұл жолы  саябақ аумағында тазалық акциясын ұйымдастырды. Олар ескерткіш айналасын қоқыс қалдықтарынан тазартты,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Партиялықтар кандидат Жамбыл Ахметбеков әрбір тұрғынды қоғамдық мәдениетті сақтау арқылы қаланы таза ұстау шақыратынын атап өтті. Сондай-ақ, шара аясында белсенділер Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды бағдарламасын талдап, батыстың кері ықпалы мен жалған құндылықтарынан бас тарту керектігіне тоқталды. Шара би флешмобымен жалғасты. Ал штаб өкілдері үгіт материалдарын таратып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Кандидатымыздың бағдарламасында айтылғандай, біз Батыстың жалған құндылықтарынан бас тартып, өзіміздің менталитетімізге, мәдениетімізге сай қоғам қалыптастыру керек деп есептейміз. Ал бүгінгі акция арқылы тұрғындарды белсенді болуға және уақытын тиімді өткізуге шақырамыз», – дейді  ҚКХП Алматы қалалық сайлауалды штабы басшысының бірінші орынбасары Ләйла ТӨЛЕУҒАЛИЕВА.

Сондай-ақ, Қазақстан коммунистік халық партиясының белсенділері «Болашақ біздің қолымызда» акциясын ұйымдастырды. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шара аясында белсенділер Елорда саябағында жүгіруге шықты. Акцияға партиялықтармен бірге қала тұрғындары да қатысты. Олар үгіт насихаттың осындай пайдалы форматта жүргізілуін қолдайтынын айтты.

«Кандидаттың негізгі қағидаларының  бірі – салауатты өмір салтын насихаттау. Біздің ойымызша, Батыстың жалған құндылықтарынан бас тартып, интернет тәуелділікпен күрес – дені сау ұлттың қалыптасуына негіз болады. Акцияға қатысқан азаматтар біздің кандидатты қолдайтынына сенеміз», – деді ҚКХП-ның республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Айқын ҚОҢЫРОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир