Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарады

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл 4400 гектарға күріш себу жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында күріш алқабы 5 мың гектарға қысқарады. Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының алдағы отырысынан соң су тұтыну лимиті белгіленіп, егіс көлемі де қайта нақтыланбақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, биыл Сыр өңірінде 187 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Оның негізгісі – 83,9 мың гектарға межеленген күріш. Әзірге өңірде мақсары, жаздық бидай, жоңышқа егіліп жатыр. Ал 15 сәуірден кейін күріш егуге кіріседі.

– Сәуір айының 11-12 күндері Шымкент қаласында өтетін мемлекет аралық су шаруашылығы комиссиясының 86-отырысынан кейін, Шардара су қоймасына вегетациялық кезеңде түсетін су жағдайына байланысты егістің көлемі қайтадан қаралады.  Соңғы 11 жылда жер тегістеу 55 пайызға дейін жүргізілсе, биыл 178 мың гектар ауыспалы егістіктің 70 пайызға дейін көтеруге жұмыс жасалып жатыр, – деді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы  Жүсіпбек Әжібеков.

Қазір өңірде су үнемдеу мақсатында егістікті лазерлік тегістеу жүргізіліп жатыр. Биыл аймақтағы күріш алқаптарының 70 пайызы осы технологиямен реттелмек. Бұл арқылы суды 20 пайызға дейін үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға арттыруға мүмкіндік туады.

– 0,46 жерді тегістеп, суды үнемдеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Уақыт жағынан тез қимылдайды. Биыл 4400 гектарға күріш себу жоспарланып отыр, былтырға қарағанда 400 гектар қысқарды, – деді шаруашылық өкілі Еркебұлан Ералиев.

Оқи отырыңыз: Жертөледегі мұражай: Шымкенттік келіншек үйдің ауласын да ою-өрнекпен көмкерген

Новости партнеров