Алдын-ала болжамдар жасаған елордалық полицейлер ірі қаралардың тұншығып өлгенін айтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында 28 өлі жылқының жатқандығы жайлы видео әлеуметтік желіге тараған болатын. Бүгінде қырылған малдан зерттеу жүргізу үшін сынамалар алыныпты.
«Қазіргі уақытта белгілі болғаны, жылқылардың өлекселерін жүк көлігімен әкеліп тастаған. Алдын ала болжамдарға сәйкес, жануарлардың өліміне жабық автокөліктегі ауа жетпеушілік себеп болған», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Эльмира ШАУЛЕНОВА.
Өлген жылқылар «Экополигон» қоқыс аумағына шығарылып, мобильді пеште өртелген. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.