Ақтөбеде көз жұмған сәбидің маскүнем әке-шешесі ата-ана құғынынан айырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ресми дерекке сүйенсек, сәби «жүрек жеткіліксіздігі» диагнозынан қайтыс болған. Алайда жауапсыз ата-ана оны тек төртінші күн дегенде жер қойнына тапсырған. Олар баласының зиратына да бармаған.
Қамқоршы органдар сәби өлімінің себебін анықтап жатыр. Ал көршілерінің айтуынша, балалар үнемі аш жүреді. Балалардың анасы 35-те, ал әкесі 60-тан асқан. Айта кеткен жөн, анасын 2019 жылы ата-ана құқығынын айырған еді. Алайда балаларды сәбилер үйінен әкесі қайтарып алған екен.
«Олар 41-разъезде 2 бөлмелі пәтерде тұрды. Біздің мамандар тұратын жерін барып көрді, содан соң балаларды қалдыруға рұқсат берді. Ол кезде ата-анасы қалыпты жағдайда болған. Яғни ішпеген. Тоңазытқышта тамақ болды», – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Дина Жаманбаева.
Балаларды үйге әкелгеннен кейін де мамандар 2 рет арнайы тексеру жүргізген. Қазір баланың қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үлкен ұлды балаларды қолдау орталығына орналастырды. Енді оның тағдырын сот шешетін болды.
«ҚР Қылмыстық Кодексінің 141-бабы бойынша ата-анасының тиісті міндетін өз дәрежеде орындамағаны үшін қылмыстық іс жүргізілді. Баланың өліміне ауруы себеп болып отыр», – деді жергілікті Полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағанбетов.