“Астана Моторс” зауыттарының ұжымы үндеу жариялады

hyundai.trans.kz
hyundai.trans.kz
Үндеушілер өнеркәсіпті дамыту туралы петицияны қолдайтынын жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

“Астана Моторс” зауыттарының ұжымы Қазақстан халқы мен Үкіметіне үндеу жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

“Астана Моторс” құрамына кіретін Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty зауыттарының, салынып жатқан мультибрендті Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының және автокомпоненттер технопаркінің қызметкерлері қазақстандықтар мен Үкіметке үндеу жасады.

Олар үндеуде автокөлік өнеркәсібін дамыту, өндірісті кеңейту, автокөлік бөлшектерінің индустриалды паркін және жаңа автокөлік зауыттарын салу жоспары туралы айтты.

Сонымен қатар зауыт қызметкерлері инженерлік және машина жасау қызметкерлерінің еңбек жағдайы мен даму перспективалары туралы да сөз қозғады.

Үндеушілер өнеркәсіпті дамыту туралы петицияны қолдайтынын және халық пен Үкіметті Қазақстанды индустрияландыру бағытын ұстануға шақыратынын айтты.

Оқи отырыңыз: Ғылыми дәрежесі бар мамандарға ай сайын үстемақы төленеді

Новости партнеров