Алматыдан Алма-арасанға қатынайтын экспресс-бағыт іске қосылды

Алматыдан Алма-арасанға қатынайтын экспресс-бағыт іске қосылды
Экспресс-бағыт Алма-арасанға дейін небәрі 6 аялдамаға тоқтайды, билет 300 теңге
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынан жүретін қоғамдық көлік шатқалға дейін тоқтамай жүреді деуге болады. Қала орталығын Алма-арасанмен байланыстыратын №211 жаңа бағыттағы көлікке әсіресе, табиғатты жақсы көретін тұрғындар қуанып жатыр,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Өте ыңғайлы, тіпті баламен де қиналмай жүруге болады. Көбіне 28-бағытты көп күтеміз. Жолда көлік тығынына тап боламыз. Ал мына көлік тез жеткізеді және өте жайлы», – дейді тұрғындардың бірі.

«Бұл қалалықтарға, туристерге, демалатын адамдарға жақсы бағыт. Бұл бағытты ашқанына өте қуаныштымыз», – дейді келесі бір қала тұрғыны.

Экспресс-бағыт Алма-арасанға дейін небәрі 6 аялдамаға тоқтайды. Сондай-ақ жұма, сенбі және жексенбі күндері таңғы 8-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, билет құны – небары 300 теңге. 7 жасқа дейінгі балаларға тегін болса, 7 мен 15 жас аралығындағы балалар 50 пайыз жеңілдікпен жүре алады. Жол жүру құнын қолма-қол ақшамен немесе «Оңай» картасы арқылы да төлеуге болады.

«Қазір 2-3 автобус қана жүреміз, ара қашықтық жарты сағат. Бұл әзірге халық үйренгенше ғана, содн соң аралықты 10 минутқа қысқартамыз, яғни, көліктерді көбейтеміз.  Экспресс деп аталу себебі, бұл көлік белгілі бір нүктеден екінші нүктеге дейін арада 2-3 қана аялдама және жоғары қарай бағыттағы көлік бармайтын жерлерге қарай шығады», – дейді «Алматыэлектротранс» ЖШС автобус жүргізушісі Талғат ӘМЗЕЕВ.

Новости партнеров