Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді

04.03.2019 23:20

Алик Шпекбаев халықаралық ұйымдардың өкілдерімен және қоғам белсенділерімен кездесті

Almaty.tv

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Алик Шпекбаев қаладағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталыққа барды. Балалар мен жасөспірімдерді оңалтуға арналған «Мейірім» орталығы мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында ашылған. Мұнда психологтан бастап, невропатолог, логопед, дефектолог және басқа да мамандар арнайы жабдықталған бөлмелерде мүгедек балаларды сауықтырумен айналысады.

Сонымен қатар, Алик Шпекбаев халықаралық ұйымдардың өкілдерімен және қоғам белсенділерімен кездесті. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру турасында ашық пікірталас өрбіді. Ведомство басшысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесі жанындағы фронт-офис жұмысымен де танысты. Ілгері кеңсе – сотталушылармен кездесу және адвокат пен қорғалушыға арналған тергеу изоляторында аудио, бейне құралдарын қолдануға жол бермеу үшін ашылған.