Алматыдағы көлік жылдамдығына шектеу: бір айда 65 млн теңгенің айыппұлы салынған

04.03.2019 23:35

Қалада бір айда 5 мың жылдамдықты асыру дерегі тіркелген

Алматының әл-Фараби, Саин және Шығыс айналма жолында бір айда 5 мыңнан аса жылдамдықты асыру дерегі тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Тенгриньюс» порталының арнайы сұранысына Әкімшілік полиция басқармасының берген мәліметіне сәйкес, қаңтардың 15-і мен 14 ақпан аралығында айыппұлдың жалпы сомасы 65 523 750 теңгені құраған. Құзырлылар қоғамдық көліктерге орнатылған «Жолақ» камералары туралы да еске салды. Олар қазір тестілік режимде жұмыс істеуде.

Айта кетейік, 15 қаңтардан бастап, аталған көшелерде сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге тыйым салынды.