Рәміздердегі түрлі нышанның өзіндік мәні бар – тарихшы Арман Жұмаділ

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл мемлекеттік рәміздерімізге 31 жыл толады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл мемлекеттік рәміздерімізге 31 жыл толады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төртінші маусым – тасқа жазылған тарихи кезең, алтынмен өрнектелген ұлы күн. Елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің тайға таңба басқандай айшықты белгілерін құрметтеу – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы. Атаулы күнге орай Алматы қаласында ұйымдастырылған баспасөз конференциясында тарихшы Арман Жұмаділ осылай деді. Профессордың сөзінше, еліміздің тарихындағы әрбір онжылдық – тәуелсіздікті жақындатуға бағытталған нық қадамдар. Ал рәміздердегі түрлі нышанның өзіндік мәні, түркі халықтарымен, дінмен астарласып жатқан маңызы бар дейді.

«Ту – құр атрибут емес, ол бұған дейінгі бүкіл ата-бабамыздың рухын, жанын, айбынды, даңқты, ерліктерін бойына сіңірген қастерлі бұйым. Қазір күннің нұрына оралған көк туымызды желбіретіп отырмыз. Осы күнге жеткізгеніне шүкір. Тудың қастерлі екенін ұмытпайық», – деді Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарихшы Арман Жұмаділ.

Оқи отырыңыз: Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды - Президент

Новости партнеров