Жамбыл облысына 3 адам боранда адасып кеткен
Almaty.tv
Ауа райына байланысты іздестіру таңға дейін жалғасқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданы, Шыңбұлақ ауылында 3 адам боранда адасып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кешқұрым шөп шабуға шығып, елдімекеннен 15 шақырымдай жерде трактормен жол таба алмай қалған. Іздеуге төрт өрт сөндіруші-құтқарушы, учаскелік полицей және бір жергілікті тұрғын аттанған. Бірақ ауа райына байланысты іздестіру таңға дейін жалғасқан.
Құтқарушылар Алматы-Ташкент тас жолындағы Күйік асуы маңында тағы екі адамды аман алып қалды. Олардың Түлкібастан Алматыға келе жатып, жолда көлігі істен шыққан. Құтқарушылар оларды жақын маңдағы ауылға жеткізіп салған. Қазір Күйік асуында көлік қозғалысы ашық, алайда құтқарушылар қолайсыз ауа-райында жүру қауіпті екенін еске салады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10