18 мамырда мешіттер барлық облыста бірдей ашылмайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың жұмысының басталуы жергілікті төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың шешіміне байланысты болмақ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы осылай деді. Ал, Қадір түні күні Алла үйлері тек таңғы 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ғана ашық болады. Бас мүфти қасиетті Рамазан айында мешіттер тарапынан қандай қайырымдылық іс-шаралар атқарылғанын айтты.
«Мешіт тарапынан 100 мыңға жуық көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасалды. Ауызашар асы әлі күнге дейін тегін таратылуда. Біз осынау игі жұмыстармен шектелмей Мақтарал ауданындағы жерлестерімізге әр облыстағы мешіттердің қаолдауымен азық-түлік тиеген жүк көліктерін жібердік. Қаржылай да қолдау көрсеттік. Біз бүнін «Зекет» қорының ұйымдастыруымен, облыстағы мешіттердің атсалысуымен 10 милион теңге қаржылай көмекті Түркістан корпоративтік әлеуметтік даму қорына аудардық. Сонымен қатар, алдағы уақытта 30 тонна ұн жеткізетін боламыз», – деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ.