Бишімбаевтың соты: судьяны әлдекімдер қорқытпақ болған

Unsplash
Unsplash

Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесін жүргізіп жүрген судьяны әлдекімдер қорқытпақ болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Олар Айжан Құлбаеваны үркіту мақсатында оның жеке байланыс нөміріне бірнеше рет қоңырау шалып, SMS хабарламалар қалдырған. Аталған іске қатысты Жоғарғы сот мәлімдеме жасап, судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілетінін айтты. Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында Айжан Құлбаеваға қатысты қылмыстық құқықбұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жазба анықталды. Құзырлы органның баспасөз қызметі сот билігінің беделін түсіретін әрекеттердің жолы кесіледі деді.

- Астана қаласының полиция департаменті судья Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен. Қылмыстық кодекстің 407-бабынының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді, - дейді ҚР Жоғарғы сотының ресми өкілі Ерлан Ахмеджанов.

Оқи отырыңыз: Бишімбаев смартфонын тексеруге рұқсат бермеді

Новости партнеров