Павлодарда бала терезеден құлап кетті

elements.envato.com
elements.envato.com
2024 жылдың басынан бері осындай оқиға 7-рет тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар қаласында бір жастан асқан бала 4-қабаттан құлап, жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.  

Оқиға кеше кешкісін болған. Бөлмеде ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін  терезеге шығып кеткен. Абырой болғанда, бала аман. Ауруханаға шұғыл жеткен бүлдіршінді дәрігерлер тексеріп, бас ми жарақатын алғанын анықтаған. Балақай қазір травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. 

Айта кетейік, былтыр өңірде 21 бала биіктен құлап, жарақат алыпты. Ал биыл мұндай 7 жағдай болған.

- Бірден жедел жәрдеммен жарақат пунктіне жеткізілді. Кезекші травматолог, реанимолог, хирургтер қарап, компьютерлі диагностика жүргізілді, бала травматология бөлімшесіне жатқызылды. Өте сирек кездесетін жағдай. 4-қабаттан құлағанда, жоқ дегенде қол-аяғы сынып жатады. Бұл жағдайда баланың басы, қол-аяғы сынбаған. Тек жарақат алып, травматология бөлімшесіне жатқызылды, - Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматолог дәрігері Ардақ Қабдылмаратов. 

Оқи отырыңыз: Балалар дәретханада ұрған: Астанада мектеп оқушысы терезеден секіріп кетті

Новости партнеров