50-ге жуық отбасы көмек қоржынын алды
Құрбан айт меркесінде Алматыдағы «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ем алатын отбасына азық-түлік себеттері табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қайырымдылық акциясын Алматыдағы Әзірбайжандар қауымдастығы ұйымдастырды. 50-ге жуық отбасы көмек қоржынын алды.
«Біздің мақсатымыз - бірлік, балалардың жағдайын түсіну, тыңдау, мәселелерді реттеу үшін қолымыздан келген көмекті бүгін жасап жатырмыз. Әзірбайжан мәдениет орталығымен бірге акцияны өткізіп жатырмыз», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абилфас Хамедов.