|
16.01.2019 | 18:23
2538

Алматыда бір тәулік ішінде 6 қалта ұрысы ұсталды

Алматыда бір тәулік ішінде 6 қалта ұрысы ұсталды

Абайлаңыз ұры! Алматыда бір тәулік ішінде 6 қалта ұрысы ұсталды. Олардың барлығы қоғамдық көлікте адамдардың заттарын жымқырып келген. Араларында бұрын-соңды ұрлық дерегі бойынша істі болғандары да бар.

Былтыр қолының сұғанақтығы бар 400-ге жуық адам ұсталған екен. Олардың 55 қылмыстық топтың құрамында болғаны анықталды.  Полиция департаменті мамандарының сөзінше, ұрлықты көбінесе бір емес, бірнеше адам жүріп жасайды. Сондықтан тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, адам көп шоғырланған жерлерде сақ болуға шақырады.

«Кейбір жәбірленушілер ұрлықтың болғанын үйде бір-ақ біліп, өз туысқандарымен ақылдасып, «полицияға шағымданайын ба, шағымданбайын ба» деп отырғанда, біз алтын уақытты жоғалтып аламыз. Егер бірден ұрлық болғаны айқындалып, бірден дабыл қағылса, онда біздің де ұрлытың ізін суытпай ашуға мүмкіндігіміз болады», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир