Қара-қоңыр түсті сұйықтық жұртты шошытты
Көкшетау тұрғындары ұлттық парк аумағында мазутты көлшіктердің пайда болғанына алаңдаушылық білдіріп, дабыл қағуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жұртшылықты Щучинск-Бурабай демалыс орталығының қақ ортасындағы қара-қоңыр түсті сұйықтық шошытқан. Тұрғындар әлеуметтік желіге бейнежазбалар жүктеп, мазутты көлшік ескі кәріз жүйесінен ағып, жақын маңдағы су арналарын ластап жатқанын айтуда.
Алайда, аймақтың экология департаменті тұрғындардың алаңдаушылығына негіз жоқ деп, жыл сайын көктемде еритін қар суының көлге түспейтінін мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, наурызда ауа райының қолайсыздығынан Щучинск қаласының қазандығындағы мазут резервуары бүлінген. Жоспардан тыс тексеріс барысында сұйықтықтың төгілгені және оның салдарынан жер мен еріген қар суының ластанғаны анықталды. Кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі. Қайта тексеріс барысында мекемеде жағдай қалыпқа келіп, олқылық анықталмаған.
Оқи отырыңыз:Өнім қурап қалды: Ақтауда бағбандар дабыл қақты