Алматы экологиясын жақсартуға бағытталған көрме өтті

28.06.2024 23:40

Мәдени іс-шараға жас қылқалам шеберлерінің туындылары қойылды

elements.envato.com

28 маусымда Алматыда экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған суретшілер көрмесі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Медеу ауданындағы Комьюнити орталығының өнер алаңында ұйымдастырылған мәдени іс-шараға жас қылқалам шеберлерінің туындылары қойылды. Мақсат – ірі мегаполистің экологиялық жағдайын жақсартып, шаһар тазалығын сақтау.

- Көрменің мақсаты – қоғамда өзекті боп отырған экология мәселесін көтеру. Күнделікті мегаполисте болып жатқан оқиғаларға куәміз. Адамның денсаулығы, қоршаған ортаның ахуалын да білеміз. Сондықтан экологияның жайы біз үшін маңызды, - деді көрменің ұйымдастырушысы Дильшат Гарипов.

Оқи отырыңыз: Щучинск-Бурабай демалыс орталығында қауіпті көлшіктер пайда болды