|
06.06.2019 | 18:24
2260

Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу себебі анықталды

«Атырау Су Арнасы» КМК құрамында хлоры көп суды Жайық өзеніне ағызуы балықтардың қырылуына себеп болғаны анықталды

Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу себебі анықталды

Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу себебі анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«28 мамырда сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы жарияланып, процеске қатысушыларды қылмыстық істің материалдарымен таныстыру басталды. Нәтижесі бойынша «Атырау Су Арнасы» КМК құрамында хлоры көп суды Жайық өзеніне ағызуы балықтардың қырылуына себеп болғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта директор, оның орынбасары және «Атырау Су Арнасы» МКК су тазарту стансасының бастығы ҚК-тің 328-бабы, 3-ші бөлімі (судың үстінгі қабатын ластау, соның салдарынан қоршаған ортаға аса ірі мөлшерде зиян тигізу) және Қылмыстық кодексінің 204-бабы, 2-бөлімі (бөтеннің мүлкін жою, аса ірі мөлшерде зиян келтіру) бойынша күдікті деп танылды.

Сондай-ақ кәсіпорын басшысына қатысты қосымша ҚК-тің 371-бабы (ұқыпсыздық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жүргізілген сараптамалар бойынша хлоры көп судың зияны қоршаған ортаға кері әсерін тигізген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир