Әскери қызметкерлердің өлімі: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

gov.kz
gov.kz
Қылмыстарды тергеу барысын Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелері қадағалайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қорғаныс министрлігі бірқатар әскери қызметшілердің өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен байланысты жарияланымдарға қатысты түсініктеме берді.

- Қатардағы Райан Мұхтаров пен қатардағы жауынгер Алмас Нахимовтың өліміне қатысты деректер Ұлттық ұланда болды және бұл қарулы күштермен байланысты емес. 2024 жылы 13 мамырда Сарыөзек кентіндегі 29108 әскери бөлімінде болған қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі өкілдері.

Онда қаза тапқан әскери қызметкердің ата-аналарына барлық қолдау көрсетілетінін, барлық тиісті өтемақыны төлеу түрінде көмек көрсетілгенін қосты. Ал қорғаныс ведомствосы мен ата-аналар жүргізіліп жатқан тергеу іс-шараларының объективтілігіне мүдделі.

- Әскери қылмыстарды тергеу барысын Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелері қадағалайды. Қарулы Күштердің басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы тергеу әрекеттері мен қажетті рәсімдерді жүргізуде ашықтық пен объективтілік қағидаттарын ұстанады, - деп толықтырды министрлікте.

Еске салайық, 13 маусымда қазақстандық мерзімді сарбаз жарақат алып қайтыс болды. Оқиға дерегі бойынша қызметтік тексеру тағайындалды. Қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Айбын» X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны қорытындыланды

Новости партнеров