Ғажайып деп осыны айт: Ақтауға қоқиқаздар оралды

02.10.2021 23:24

Жүздеген алқызыл қанатты қоқиғаздардың видеосы желіде тарады

Кадр видео

Маңғыстау облысында тағы да қоқиқаз видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Квадрокоптермен түсірілген бейнежазбаны жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев жариялады.

Оның айтуынша, жүздеген қызғылт қоқиқаз Маңғыстаудағы Қаракөлге келіп қонған. Олар қараша айының ортасына дейін осында мекендеуі керек. Одан кейін Иранға қарай ұшады.

Жүздеген алқызыл қанатты қоқиғаздардың видеосы жұрт назарынсыз қалмады. Тұрғындар «ғажайып деп осыны айт», «неткен керемет, ал Нұр-Сұлтан болса көлдерін көміп әлек» деген сынды пікірлер жазып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының шет жағындағы Кіші Талдыкөлге бір топ қоқиқаз ұшып келген болатын.