Алматыда жоғалып кеткен 63 жастағы Хумархан Сейітмұрат есімді азаматтың балалары әкесіне іздеу жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ол 17 маусымда сағат 17:00 де үйінен сыртқа қоқыс төгуге шыққан. Редакциямыздан көмек сұрап келген баласының айтуынша, осыдан 8 жыл бұрын әкесі басынан қатты соққы алғандықтан есін жоғалтып алады екен. Үстінде қара түсті спорт киімі болған. 11 күннен бері іздестіріліп жатқан адамды көрген білгендер болса, экрандағы телефонға немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.
«Бүгін 11-күн болды. 102-ге айттық хабарласып. Олар да іздеп жатыр. Полиция да, еріктілер де іздеп жатыр. Өзімізде іздеп жатырмыз. Нәтиже жоқ. Көмек сұрауға келдік. Әкемді көрген кісі болса, хабарласып 102-ге болсын, полицияға болсын хабарын берсеңіздер», – деді баласы Еркебұлан Сейітмұрат.