Алматыда «олигархтардың балалары» арасындағы төбелес тергеліп жатыр

smi24.kz
smi24.kz
Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «олигархтардың балалары» арасындағы төбелеске қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Бұған дейін ақсүйек отбасынан шыққан екі адамның бір-бірімен жұдырықтасып жатқан видеосы әлеуметтік желіге жарияланып, көптің талқысына түскен еді. Оқиға Алматыдағы караоке-барлардың бірінде болған. Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз. Қазір оларға төбелескен кезде алған жарақаты бойынша сот медициналық сараптама тағайындалған.

«Аталмыш дерек Қылмыстық Кодекстің 293-бабы 2-тармағы бойынша тіркеліп, қазіргі таңда Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасының өндірісінде. Жанжалға қатысқан барлық тұлға анықталып, сұрақ-жауап алу процедурасынан өтіп жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Новости партнеров