Алматының психикалық сауықтыру орталығында емделіп жатқандардың жұмыстары көрмеге қойылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Түскен табыстың 40 пайызы емделушілерге беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының психикалық сауықтыру орталығында ем қабылдап жатқан жандардың еңбектері көрмеге қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар мұнда тек ем қабылдап қана қоймай, киім тігеді, тоқыма тоқиды сондай-ақ, орталықтағы шағын бау-бақшаның күтімімен де айналысады. Мекемеде көпшілік назарына ұсынылған медициналық киімдер мен арнайы төсеніштер, қолөнер бұйымдары сатылымға да шығарылады екен.  Оның бағасы нарықтағыдан әлдеқайда арзан дейді ұйымдастырушылар. Ал түскен табыстың 40 пайызы емделушілерге беріледі екен.

«Осы қоғамға бейімдеу. Неге? Өйткені мынау науқастарымыздың туған-туысқандары, ата-аналарының өздері бізге айтатыны біздің ауруларымыз, балаларымыз азаннан кешке дейін үйде отырады, сондықтан бұлар үйде отырмас үшін, сіздер осыңдай еңбекке тартыныздаршы деп бізге өтініш жасады», – деді қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшиев.

Новости партнеров