|
09.07.2019 | 18:52
2961

Өз ұлын өлімші етіп сабаған М.Аскароғлына қатысты тың деректер пайда болды

Тәуелсіз сарапшы 5 жастағы бүлдіршінді көлік қаққан деп мәлімдеді

Өз ұлын өлімші етіп сабаған М.Аскароғлына қатысты тың деректер пайда болды Almaty.tv

Бүгін сотта жауап берген тәуелсіз сарапшы, 5 жастағы бүлдіршіннің жарақаты жол апатынан болған деп мәлімдеді. Ол сотталушының адвокатының өтінішімен, дәрігерлер берген қорытындыға сүйеніп сараптама жасаған екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Тіпті баланың бас сүйегіне 3D технологиясы арқылы зерттеу жүргізген көрінеді. Нәтижесінде, мамандар баланы көлік қаққан деген қорытындыға келген.

«Бас сүйегінің сынығы оны көлік қаққанын айғақтайды. Соған сәйкес бүлдіршінді көлік қағып, жол жиегіне ұшырып түсірді деген қорытынды жасалды. Өйткені бүкіл денесі жарақаттанған. Егер бүлдіршінді тек басынан ұрған болса, оның басы ғана жараланатын еді. Мұнда денесінің барлық жері дерлік зақымданған», – деді Тәуелсіз медициналық сараптама орталығының директоры Рахимжан АБДУКАРИМОВ.

Алайда, тәуелсіз сарапшының бұл қорытындысы прокурорды таңдандырды. Мемлекеттік айыптаушы жантүршігерлік жайт орын алған уақытта Құлжа күре жолында жылдамдық мөлшері сағатына 80 шақырым болғанын еске түсірді. Әрі мұндай жылдамдықпен келе жатқан көлік бүлдіршінді қаққан жағдайда баланың тірі қалуы екіталай еді дегенді алға тартты. Прокурор келесі сот отырысына бұған дейін баланың жарақаты ауыр соққыдан болған деп мәлімдеген мемлекеттік сарапшыны шақыруға өтініш білдірді. Бұдан бөлек, бүгін куәгерлерден де жауап алынды.

«Ең алғашқы болып жол жиегінде қансырап жатқан Мұхаммедті балаларым байқады. Олар дереу мені сол жерге шақырып, кішкентай бүлдіршінді көрсетті. Баланың басы мен аузы қан болып жатыр екен. Бірақ, бір таң қалғаным аяқ-қолы мен денесі сап-сау болды. Бір де бір жарақат көрмедім. Тек басы ғана қанап жатты. Содан кейін баланың басын көтеріп қолыма жатқызды. Сол сәтте оның басының астында тас жатқанын көрдім. Алдым да, ол тасты алысқа лақтырып жібердім», – дейді  куәгер Светлана ЦОЙ.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр жазда Шығыс айналма тас жолының бойындағы тал түбінде ес-түссіз жатқан 4 жасар бүлдіршін табылған болатын. Бастапқыда полицейлер баланы көлік қақты деген болжаммен, жүргізушіні ұзақ іздеген еді. Артынша, баланың туған әкесі «мазамды алғасын ұрдым» деп кінәсін мойындаған. Осыдан соң, Мұрат Асқароғлының қолына кісен салынып, абақтыға қамалды. Сот басталғанда сотталушы бастапқы сөзінен тайып, мұндай іске бармадым деп азар да безер болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ДТП
Новости партнеров
Прямой эфир