Балалар үйі - балаларды қолдау орталығына айналды
Үш жылда жетім балаларға арналған ұйым саны 14-ке азайып, 36 балалар үйі қолдау орталығына айналды. Бұл жайында Ақмола облысына жұмыс сапарында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі іnform.kz-ке сілтеме жасап.
- Биыл 1 қыркүйектен бастап бүкіл білім беру ұйымдарында отбасы, оқушы және мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысын бастады. 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асып жатыр. Ол жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған. Үш жылда жетім балаларға арналған ұйымдардың саны 14-ке азайып, 36 балалар үйі – балаларды қолдау орталығына айналды. 22 мың жетім баланың 83 пайызы отбасында тәрбиеленіп жатыр. Біз жетім балаларды қолдау үшін кәсіби патронат отбасылар институтын енгізу үстіндеміз, - деп атап өтті Еділ Оспан.
Оқи отырыңыз: Қар аралас жаңбыр жауады: 15 қазанға арналған ауа райы болжамы