Қар аралас жаңбыр жауады: 15 қазанға арналған ауа райы болжамы

pixabay.com
pixabay.com
Кейбір өңірлерде өрт қаупі сақталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз


«Қазгидромет» РМК-сы 15 қазанға арналған райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.


Жетісу облысы

15 қазанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

№13 ҚҚ дауылды ескерту 2023 жылғы 14 қазаннан 2023 ж. 14 қазан 20 сағ. 2023 ж. 15 қазан 08 сағ. аралығы 15 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысында солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысы

15 қазанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

15 қазанда Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

15 қазанда Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысы

15 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

15 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

15 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 15 қазанда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана

Астана қ.: 15 қазанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

15 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

15 қазанда Павлодар облысының түнде солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 15 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

15 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысы

15-17 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 16-17 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі. Түнде 15-17 қазанда облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Оқи отырыңыз: Жұлдыз жорамал: 15 қазан күні сізді не күтіп тұр

Новости партнеров