|
25.02.2020 | 18:27
3675

АӘК басты мақсаты-өмірдің қиын жағдайынан шығуға көмектесу

Негізгі АӘК алушылар - көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты аналар болып табылады

АӘК басты мақсаты-өмірдің қиын жағдайынан шығуға көмектесу almaty.tv

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Әлкебайұлы мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 02.09.2019 жылғы «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында АӘК төлеу тетігін түзетуді тапсырды. Әлеуметтік көмектің жаңа форматы әділ, ашық болуымен қатар, еңбекке ынталандыруы тиіс. Негізгі қағидат — мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға көмектесетін болады.

Ағымдағы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша АӘК жаңа механизмі бойынша 10,5 мың адам кеңес алды, 4 256 өтініш қабылданды. 2 533 отбасына төлем жасалды. Негізгі АӘК алушылар - көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты аналар болып табылады.

«АӘК басты мақсаты - өмірдің қиын жағдайынан шығуға көмектесу», — деді Д. Әлкебайұлы. Сондай-ақ АӘК алушыларға балалар үшін қажетті заттары бар кепілді әлеуметтік пакет ұсынылады. Әлеуметтік пакеттерді беру жақын арада басталады.

Әлеуметтік пакет:

- мектеп жасына дейінгі балалар үшін балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақтарды;

- мектеп жасындағы балалар үшін-мектептерде ыстық тамақ, мектеп формасы мен керек-жарақтарын сатып алу, қоғамдық көліктерде жол жүрудің 50%-ын өтеуді қамтитын болады.

Сонымен қатар, Д. Әлкебайұлының айтуынша, көп балалы отбасыларды қолдау мемлекеттік жәрдемақы төлеу есебінен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік жәрдемақы төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар немесе 23 жастағы күндізгі бөлімде оқитын студенті бар барлық көпбалалы отбасыларға, олардың табысына қарамастан төленеді. Әр балаға берілетін жәрдемақының мөлшері 10 625 теңгені құрайды.

2019 жылдың тамыз айынан бастап «Іскер ANA» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасын жүзеге асыратын, «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істейді. Аталған бағдарлама бойынша 13 474 адам базалық тренингтерден өтті, 6900 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды. Бағдарламада демеушілер мен меценаттар арқылы бизнес ашу мүмкіндігі қарастырылған. 2019 жылы демеушілердің көмегімен 129 адам жеке кәсібін ашты.

Білім беру желісі бойынша көпбалалы аз қамтылған отбасылардан шыққан 564 бала үшін (2 баладан бастап) балабақшаларда тамақтануға ақы төленеді. Мектептерде 22 126 бала «жаппай оқыту» қорынан тегін тамақтанады. Қазіргі уақытта осы санаттағы балалар үшін мектеп формасын және кеңсе тауарларын сатып алуға қосымша қаржыландыру қарастырылуда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир