Алматы әкімі Медеу ауданында газбен жабдықтау мәселесін шешті, деп хабарлайды Almaty.tv «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Меркур Град» ТК тұрғындары «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына өтінішімен жүгінді. Думан-2 шағын ауданында орналасқан үй 2019 жылдың соңында газбен жабдықтау жүйесіне қосылуы керек болған.
Ұжымдық шағымның өкілі Алматы қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың жеке қабылдауына жазылды. «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ құзыретті органдары мен газ таратушы ұйымының бірлескен жұмысынан кейін бір жылдан астам уақытқа созылған проблемалық мәселе бірден оң шешімін табады.
Бүгінде 37 пәтер иесінен келіп түскен өтініш бойынша 27-сі газбен қамтамасыз етілді. Қосылу кезінде қалған пәтерлердің иесі үйде болмаған соң, қазіргі уақытта келісім талқыланып жатыр.
«№8 үй тұрғындарының атынан Алматы әкімі Бақытжан Әбдірұлына алғысымды білдіремін. Біз 17 тұрғын болып «Nur Otan» партиясына жүгінуге мәжбүр болдық. Сіздің қабылдауыңыздан кейін біздің үйдің пәтерлеріне газ берілді. Бізге осы мәселені шешіп бергеніңіз үшін рақмет», – деп алғысын білдірді Әсел Болатбекова.
Естеріңізге сала кетейік, өткір инфрақұрылымдық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін «Nur Otan» партиясы Алматыны «Шетсіз қала» қағидаты бойынша дамытуға қол жеткізуге ниетті. Мәселен, партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға қарай 30 км магистральдық газ желілерін салу есебінен газбен толық қамтамасыз ету күтілуде.