6 жылға сотталған әнші Гауһар Әлімбекова сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылды деп хабарлайды Tengrinews.kz сот өкілдеріне сілтеме жасап.
«Сотталушы Гауһар Әлімбекованың адвокаты оны қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босатуға өтініш берген болатын. Бүгін, 2019 жылдың 4 ақпанында Алматының Алмалы аудандық соты бұл өтінішті қанағаттандырды. Сот Әлімбекованың сотқа дейінгі тексеру барысында бұлтартпау шараларын бұзбағанын, тұрғылықты мекенжайы бар екенін және осыған дейін сотты болмағанын ескерді», - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, сазгер, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.